Елбасы жолдауы бизнестің өркен жаюына серпін береді

фото: koktemgroup.kz

Былтыр елімізде Кәсіпкерлік кодексі қабылданды.

Бұл заң кез-келген бизнес түрімен айналысатын кәсіп иелеріне құжат рәсімдеудегі тіркеу уақытын азайтты. Елбасының жолдауында 2050 жылы Қазақстанда шағын және орта бизнестің үлесі жалпы ішкі өнімнің 50%-ын құрауы керек екені айтылған. Қазір бұл көрсеткіш 25%-дың аясында.

Найля Әлмұхамедова ҚСЗИ экономикалық зерттеулер бөлімінің уақытша жетекшісі:

- Биыл нақты бір кәсіппен шұғылданатындар үшін арнайы бағдарлама өз жұмысын бастайды. Азаматтарды жаппай кәсіпкерлікке тартуға бағытталған бұл жоба шағын және орта бизнестің дамуына жол ашып, жұмыссыздықты жоюға үлес қосады. Бұл өз кезегінде елдегі экономикалық жағдайға әсер етіп, бәсекелестік ортаны қалыптастырады.