Қазақстанның тәжірибесі басқа елдер үшін аса маңызды – ЕЭК өкілі

Еуразиялық экономикалық одақтың драйвері ретінде танылған Қазақстан үшін экономиканы жеделдетілген түрде технологиялық модернизациялау ұтымды стратегия болып табылады.

Еуразиялық экономикалық одақ елдері инновациялық өнімдердің нарығына шығуға дайын болуы шарт. Сондықтан да Қазақстанның тәжірибесі басқа елдер үшін аса маңызды, - дейді Еуразиялық экономикалық комиссия өкілдері.

Вячеслав Бурмистров, ЕЭК өкілі:

- Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған тезистер күні бүгін аса маңызды. Біз төртінші технологиялық революцияның басталғанына куә болып отырмыз. Өнеркәсіптің жаңа салалары, инновациялық өнімдер пайда бола бастады. Экономикамыздың тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін Еуразиялық экономикалық одақтың елдері осындай инновациялық өнімдердің сапасына озық талап қоюға дайын болу керек. Технологиялық өзгерістердің жаһандық сипаты техникалық реттеудің бүкіл жүйесін өзгертуді талап етеді. Ақпаратты табыстау мен сақтауға ғана емес, Қазақстан Президенті көтерген өзекті мәселенің бірі киберқауіпсіздікке назар аудару қажет.