Мамыр айында «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы Үкіметтің қарауына жіберіледі

«Қазақстандық интернет бизнес және мобильді коммерция қауымдастығының» өкілдері үкіметке «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын дайындауға көмектесуге әзір.

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа жолдауында айтылған бұл құжат IT саласын модернизациялау мен дамытуды және оны бизнес үдеріске енгізуді көздейді. Алдағы мамыр айында «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы Үкіметтің қарауына жіберіледі. Интернет бизнес пен электронды сауда өкілдерінің айтуынша, аталған саланы дамыту үшін жас компанияларға мүмкіндік беру қажет. Ол үшін старт-ап жобаларға салық жағынан жеңілдік берілсе, - дейді мамандар.

Константин Горожанкин, Қазақстандық интернет бизнес және мобильді коммерция қауымдастығының президенті:

- Электронды саудамен айналысатын компаниялардың ақпараттық технологиялар паркінде жұмыс істеуіне рұқсат беруін сұрап отырмыз. Ол жердегі компаниялар корпоративті табыс салығынан босатылған. Интернет-бизнеспен айналысатын компаниялар арнайы экономикалық аймаққа орналасса, біраз мәселе шешілер еді.