Junior Eurovision: қатысушыларға дауыс беру басталды

Junior Eurovision: қатысушыларға дауыс беру басталды

Junior Eurovision халықаралық ән байқауы Ұлттық іріктеуінің финалына өту үшін бақ сынасатын 30 қатысушы анықталды.

Олардың тізімі jevision.khabar.kz сайтында жарияланды. Онлайн дауыс беру де jevision.khabar.kz сайтында өтіп жатыр.

Еске сала кетейік, Ұлттық іріктеудің бірінші кезеңі 29 қыркүйектен 6 қазанға дейін жалғасты. Қазақстанның барлық өңірлерінен барлығы 819 өтінім келіп түсті.

Дауыс беру 12 қазанға дейін жалғасады.

Junior Eurovision Ұлттық іріктеуі қазылар алқасының тізімі белгілі болды. Олар:

Сазгер, музыканы көркемдеуші, екі рет «Балалар Евровидениесінде» 2-орынға ие болған әндердің авторы, «Қазақстан дауысы-2021» жобасының музыкалық продюсері – Хамит Шаңғалиев;

Қазақстанның эстрада әншісі, «Жас Қанат» жастар байқауының жеңімпазы (1999 ж.), Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері – Мәдина Сәдуақасова;

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, «Паланга-2019» халықаралық байқауының жеңімпазы, «Славян базары-2020» халықаралық байқауының 3 орын иегері - Бексұлтан Кенішқалиев.

Әнші, жыл сайынғы «Бақытты бала» фестивалін ұйымдастырушы «DimashАli» продюсерлік орталығының директоры – Қанат Айтбаев;

Продюсер, сазгер, музыканы көркемдеуші, Димаш Құдайбергеннің саундпродюсері - Ерлан Бекчурин;

Қазақстан Республикасының «Мәдениет қайраткері», «Бозторғай», «Шаттық» халықаралық конкурстарының директоры, Халықаралық конкурстар мен фестивальдар ассоциациясының мүшесі, «Витебскідегі Славян базары» халықаралық өнер фестиваліндегі Қазақстанның ресми өкілі – Қарлығаш Әбдікәрімова;

«Хабар» телеарнасының директоры – Динара Бисембина.

Junior Eurovision байқауының Ұлттық іріктеуінің финалы 6 қараша күні «Хабар» телеарнасының тікелей эфирінде өтеді.