Үкіметте инвестициялық штабтың отырысы өтті
Еліміз инвестициялық жобалардың игілігін көруі керек.
Бүгін Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен Инвестициялар тарту жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Онда Астанада агроөнеркәсіптік кешен мен Павлодар облысында гидрометаллургиялық комбинат салу сияқты ірі жобалардың іске асырылу барысы талқыланды. Жобаларға салынған салым көлемі 500 миллиард теңгеден асты. 900 жұмыс орыны құрылады. Кездесу барысында Ақтөбе облысының инвестициялық бағдарламасы, "Хромтау" индустриялық аймағын дамыту мәселелері сөз болды. Сонымен қатар инвесторлардың өтініштерін талдау барысында Кәсіпкерлік кодексте экономикалық қызметке кедергі келтіретін тұстар анықталды. Бұл мәселені шешу үшін мүдделі мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар берілді.