Қазақстанда жасалған. Арнайы киімдер өндірісі

Арнайы немесе жұмыс киімі туралы мәліметтер ежелгі Грекия мен Рим тарихының жазбаларында кездеседі. Олар қысқа жеңді, қалың жамылғыдан тұрды. Ондай киімдер сарбаздардың арнайы әскери формасы ретінде де қолданылды. Ал мемлекеттік қызметкерлер басқа сала мамандарынан ерекшелену үшін алжапқыш таққан. Тағы бір айта кететін жайт джинс шалбарына байланысты. Олар алғашында кеншілер мен алтын іздеушілерге арнап тігілді. Ал қолайсыз ауа райы мен қоршаған ортаның зиянды факторларынан қорғайтын қазіргі заманның арнайы киімдері қалай тігіледі? Талаптар қандай?