Агросектор. Қостанай облысының жәрмеңкесі

Қостанай облысы еліміздің сарқылмас қоры десек те болады. Мұнда ауыл шаруашылығының басты бағыттарының бірі бидай өсіріледі. Облыс егіс алқабының көлемі бойынша республикада 2-орында тұр. Сондықтан Астанада өткен бұл жәрмеңкеде өңірден келген базарлық мол болды. Қала тұрғындарына облыстың 14 ауданы мен 3 қаласынан 400 тонна ет, көкөністер, сүт өнімдері және т.б. ұсынылды. Толығырақ осы шығарылымда.