Алматыда Әзербайжан мен Армения арасында келіссөз өтіп жатыр
Алматыда Әзербайжан мен Армения елдері арасында келіссөздер өтіп жатыр.
Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Екі елдің бейбіт келісім жасасуға деген ұмтылысын құптаймыз. Қазақстан барынша көмек беруге және игі қызметтер миссиясын өз мойнына алуға, яғни екі ел арасындағы келіссөздер үшін платформа ұсынуға дайын» екенін айтқан. Қол жеткен уағдаластықтарға сәйкес Алматыдағы Достық үйінде Әзербайжан және Армения Сыртқы істер министрлері кездесті.
Алматыда Әзербайжан мен Армения елдері арасында келіссөздер өтіп жатыр. Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Екі елдің бейбіт келісім жасасуға деген ұмтылысын құптаймыз. Қазақстан барынша көмек беруге және игі қызметтер миссиясын өз мойнына алуға, яғни екі ел арасындағы келіссөздер үшін платформа ұсынуға дайын» екенін айтқан. Қол жеткен уағдаластықтарға сәйкес Алматыдағы Достық үйінде Әзербайжан және Армения Сыртқы істер министрлері кездесті.
Алмас Садуақас, тілші:
- Қайырлы күн әріптестер, армысыз құрметті көрермен! Келіссөздерге Әзербайжан мен Армения Сыртқы істер министрлері Джейхун Байрамов пен Арарат Мирзоян келді. Күн тәртібінде көршілес елдер арасындағы саяси-экономикалық қарым-қатынас, Оңтүстік Кавказ аймағындағы бейбітшілікті орнату мәселесі талқыланады. Армения мен Әзербайжан билігі Қазақстанның келіссөздерді Алматыда өткізу ұсынысын қабыл алды. Бүгін Алатау төрінде жүздескен министрлер Қазақстан тарапына алғыстарын білдірді.
Арарат Мирзоян, Армения Республикасының Сыртқы істер министрі:
- Осы кездесуді ұйымдастыруға себепкер болған Қазақстан тарапына айтар алғысымыз шексіз. Қазақстан екі ел арасында ынтымақтастық орнағанын, Оңтүстік Кавказда ұзақмерзімді бейбітшілік болғанын қалайды. Армения бұл ұмтылысты жоғары бағалайды. Кезекті келісссөз раундын ұйымдастырған Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылық білдіреді.
Джейхун Байрамов, Әзербайжан Республикасының Сыртқы істер министрі:
- Осындай кездесулердің тұрақты түрде өткізудің маңызы зор. Соңғы рет қос делегация екі ай бұрын Берлинде кездескен. Сол кезде тараптар бірқатар құжатқа қол қойды. Бейбітшілік орнату туралы көптеген пікір айтылды.
Келіссөздер тек екі ел арасында өтеді. Қос тараптың мәмілеге келуі тұтас аймаққа тиімді, әрі Қазақстан дипломатиясының дамуына да оң әсерін тигізері сөссіз. Бұл аймақ біз үшін экспорттық бақытта бағалы. Егер кездесу ойдағыдай өтіп, татулыққа қол жетсе Оңтүстік Кавказдағы делимитация мәселесінде қалыптасқан жағдай жақсару мүмкін. Бұл ретте Қазақстан Транскаспий мультимодальді көлік дәлізін дамытуға мүдделі. Ол Қазақстан мен Еуропа елдері арасындағы тауар айналымында жаңа бағыт болмақ. Сондықтан Баку мен Ереван арасындағы жағдайдың жақсарғаны керек. Бұл ретте келіссөздер 1991 жылы Алматы декларациясы қабылданған залда өтіп жатқанын жақсы ырымға балауға болады. Сол жылы Кеңес Одағы ыдырығаннан кейін пайда болған республикалардың шекаралары осы тарихи құжатта нақтыланып, шегенделген еді.