Мұнай-газ саласында жаңа мүмкіндіктер ашылды. Кароль Нахле

Кароль Нахле, Араб энергетикалық клубының бас хатшысы 

Қазақстан мұнай-газ саласында жаңа мүмкіндіктер ашылып, сектордан түсетін кіріс көлемі артып келеді. Биылғы тоғыз айда мұнай-газ компаниялары бюджетке 6 триллион 170 миллиард теңге салық төлеген. Оның жартысынан астамы Ұлттық қорға аударылды. Алайда әлемдік энергетика нарығындағы құбылмалы жағдай, геосаяси ахуал мен мұнай бағасының өзгеруі мемлекет пен инвесторлар арасындағы мүдделер тепе-теңдігін сақтауды талап етеді.

Бұл мәселелерді «Alem Talk» бағдарламасында экономист, Араб энергетикалық клубының бас хатшысы Кэроль Нахлемен талқыладық. Сарапшының айтуынша, мұнай-газ саласына инвестиция тарту үшін салық мөлшерлемесін төмендету ғана жеткіліксіз. Ең бастысы – фискалдық саясаттың тиімділігі, салық төлеу мерзімі мен роялти жүйесінің оңтайлы үйлесуі. Сонымен қатар экономиканы әртараптандыру және шикізатты терең өңдеу елдердің ұзақмерзімді тұрақтылығы үшін маңызды.

 Сондай-ақ әңгіме барысында Ормуз бұғазындағы жағдайдың мұнай экспортына әсері, ОПЕК+ ұйымының әлемдік нарықтағы рөлі және алдағы он жылдағы энергетика саласының даму бағыттары сөз болды.

Сондай-ақ оқыңыз: