Тағы жаңа өзгеріс пайда болды ма? ІІМ мәлімдеме жасады
Ел арасында қазақстандықтар жеке сәйкестендіру нөмірін өзгерте алады деген әңгіме тарады. Бұған «Тредсте» жарияланған жазба себеп. Пост авторы бұған дейін бір-ақ рет беріліп келген ЖСН-ды енді ресми түрде өзгертуге болады деп айды аспаннан шығарды. Тіпті «Ішкі істер министрлігі Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы брифингте хабарлады», - дейді. Бұл киберқылмыс өршіп тұрған тұста алаяқтардан сақтанудың бір амалы деп түсіндірген. Бұл қаншалықты рас?