Жаңа Ата заң мен вице-президент: Елде тағы не өзгереді?

Ұлттық құрылтай биыл бесінші рет жиналды. Алғашқысы ұлт ұясы – Ұлытауда. Екінші жиын рухани астанамыз киелі Түркістанда  өтті. Үшінші отырыс төл шежіремізде айрықша орны бар киелі шаһар Атырау аймағында ұйымдастырылды. Ал былтыр Көкше баурайында. Осы жылы Алаштың анасы еліміздің болашағына қатысты аса маңызды шешімдер қабылданған Қызылорда төрінде өтті.