Қазақстанға АЭС не үшін керек?
Қазақстан демографиясының дамуы, жаңа ғимараттардың қатарласа бой көтеруі, өнеркәсіп санының артуы. Әлбетте, жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыратын тетік ретінде үлкен маңызға ие. Алайда даму жолында жылдан жылға бір қадам алға жылжыған сайын, үлкен бір түйіткілге тірелуге таяумыз. Қазақстан ең көп электр энергиясын тұтынатын елдер қатарында тұр. Тапшылық 1 гигават. Ал алдағы 6 жылда 6 гигаватқа жетуі мүмкін. Мұның салдары экономикаға кері әсер етіп, тұрғын үй-коммуналдық саладағы дағдарысқа әкелуі ықтимал.