64 мектеп құлағалы тұр. Оқушыларға обал
Тура бір аптадан соң қоңыр күздің алғашқы күнінде еліміздің орта мектептерінде алғашқы қоңырау соғылады. Биыл 1-ші сыныпқа 336 мың бала барады, бірақ 1 қыркүйек күні балдырғандардың бәрі бірдей мектеп табалдырығын аттамайды. Бірқатар жеткіншектер білім күні спорт мектебі, мәдениет үйі, енді бірі әкімдік секілді мемлекеттік мекемелердің партасында отыруы мүмкін. Өйткені жаңа оқу жылына елдегі 15 мектеп дайын емес.