Қазақстандағы проблемасы жоқ ауыл
Қырық жамау жол дегенді білмейтін, жұрты жұмыссыз жүрмейтін, суы сарқырап, көшелері жарқырап, заң жолынан танбайтын, қылмыс мүлде болмайтын, жаңа заманға жол ашқан, бірлігі жарасқан Ақмола облысында осындай ауыл бар. Бұл Атбасар ауданындағы Шуйское елді мекені. Ел аузынан түспейтін, азаматы адал еңбек істейтін ауылды көзбен көріп, көпке үлгі ету мақсатында осында арнайы келдік.