Қазақстандағы ауа сапасын қалай жақсартамыз?
7 млн адам. Бұл - жыл сайын ауаның ластануынан көз жұматындардың саны. Зиянды заттардың шектен тыс көбеюі жер шарына төндіретін ең үлкен қауіптің бірі. Соның салдарынан аурудың түр-түрі туындайды. БҰҰ-ның дерегінше әлемде лас ауадан пайда болатын дерттерді емдеуге жылына орта есеппен 1 трлн доллар жұмсалады. Ластанған елдердің алдын Моңғолия мен Мьянма, Ливан және Гана бастап тұр. Ал Қазақстандағы ахуал қалай?