Қазақ қаржысы спортта кімдерді байытып отыр
Шетелдік спортшыларға ақша шашуға құмар елдердің бірі – өзіміз. Бүгінге дейін жылы-жұмсақтың бәрін легионерлердің аузына тосып келдік. Бірақ олардан қайыр шамалы. Мұны Париж Олимпиадасы көрсетті. Артынша жедел шешімдер бірінен-соң бірі қабылдана бастады. Бұдан былай сырттан келетін спортшыларға бюджет есебінен бір тиын да бөлінбейді. Алғашқылардың бірі болып, «Барыс» хоккей клубы құрамадағы 7 легионермен қоштасты. Нәтиже де көп күттірген жоқ.