Қазақстандағы ЖЭО апаттары: Проблемалар қалай шешіліп жатыр?

Бірінен соң бірі жарылған жылу қазандықтары күллі елдегі ЖЭО-лардың жағдайын майшаммен қарауға әкеп соқты. Күн суытысымен шенеуніктердің ұйқысы қашады. Себебі орташа есеппен елдегі жылу нысандарының  70 пайызының тозығы жеткен. Бұл - кез келген уақытта, кез келген өңір халқы жылусыз қалуы мүмкін дегенді білдіреді.