Түркістандағы теңдессіз жоба 

Түркістан облысында агроөнеркәсіп кешенін жаңа деңгейге көтеретін екі ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр. Бірі - Арыс қаласына қарасты Қожатоғай ауылы маңындағы елу мың басқа арналған алып мал бордақылау кешені. Екіншісі - мақта өсіру және мақта тоқыма кластерін құруға арналған стратегиялық маңызды жоба.