Абайлаңыз, импорт! Тон таңдау

Кеңес Одағы. Жетпісінші жылдардың басы... Кейбір тауарлардың таптырмайтын зәрулік кезі. Дүкен сөрелерінде теріден әзірленген тондар тапшы. Қара күзен мен бұлғын терісінен тігілген тондарды министрлердің жұбайлары мен әртістердің үстінен ғана көруге болады. Барлық ішіктерге мемлекеттік стандарттың таңбасы бедерленетін. Бұл тігілген бұйымдардың сапасы жақсы дегенді білдірді. Ал егер ол таңбасыз болса, тон заңсыз тігілген деген сөз. 

Ал бүгінде нарықтағы бұл жағдай айтарлықтай өзгерді. Бірақ, енді көпшілік саны көп, сапасы жоқ бұйымдардың ішінен нағыз теріден тігілген тонды іздейді. Сапалы тондар мен ішіктерді қалай таңдау керектігі туралы осы хабарымыздан біле аласыздар.