Жастар басты назарда
Алматы - еліміздің іскерлік, қаржылық және мәдени орталығы. Жастар қаласы саналады. Жыл сайын Алатаудың баурайына еліміздің барлық аймағынан мыңдаған арманшыл жас ағылады. Қалада 35 жоғары оқу орнында 200 мың студент оқиды. Бұл көрсеткішітің ұлғайып жатқаны қуантады. Дегенмен сапалы біліммен бірге студенттерді жатақханамен қамту, жұмысқа орналастыру мәселесі бар. Бұл ретте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жастардың жағдайын жасау, ғылымды дамыту керектігін жиі айтады.