Титулдық сақтандыру: үйден айырылып, қарыз болып қалмаудың амалы

Пәтер таңдап, оны ипотекаға рәсімдеп, көптен күткен үйіңіздің кілтін қолға алғаннан кейін де одан айырылып қалуыңыз мүмкін. Егер сот мәмілені заңсыз деп тапса, онда үйсіз қалғаныңызбен қоса миллиондаған қарызды төлеу керек болады. Мұндай жағдайдан қалай сақтануға болады? Мұны «білген абзал».