Елде киберқылмыс өршіп тұр
Бас прокуратура мәліметі бойынша, былтыр 21 мыңнан астам интернет арқылы алаяқтық жасау деректері тіркелген. Келтірілген шығын көлемі – 17,5 млрд теңге. Соңғы 5 жылда Қазақстанда киберқылмыс саны 3 есе өскен. Мамандар ел арасында түсіндіру жұмыстары жиі жүргізілгенімен, алаяқтардың құрығына түсетіндер саны сонда да азамай тұр дейді.