«Асыл мекен» бағдарламасына қатысу үшін не істеу керек?

Өтініш қабылдау 5 маусым басталды. Бағдарламаға қатысып, үйлі боламын деген азаматтардың әлі 10 шақты күні бар. Өтініш беріп үлгеруге болады. Ол үшін банк бөлімшелеріне барудың қажеті жоқ. Өтінішті тек онлайн тапсыру керек. «Отбасы банк» сайтына кіріп, тіркелесіз. Содан кейін бейнеқоңырау шалу арқылы банк қызметкерімен байланысып, өтінішті қашықтан тапсырасыз.