Елде микрокредит алушыға қандай талаптар қойылады?

Табан асты азын-аулақ қаражат қажет болып қалады. Таныстардан табыла қоймаса, көбі микроқаржы ұйымдарына жүгінеді. Бірақ ондай мекемеден ақша алмас бұрын, салдарын ойлаған жөн. Аз ақшаны көп пайызбен беретін ұйымдар – қазір біраз адамды тығырыққа тіреп отыр. Банктен алатын несие мен микроқаржы ұйымдары беретін қарыздың айырмашылығы жер мен көктей.