Заңгер мен адвокаттың қандай айырмашылығы бар?

Сотқа арызданған тараптың адвокат жалдайтын кезі болады. Бірақ сіздің құқығыңызды сенімді қорғай алатын маманды қалай таңдау керек? Қымбат адвокат – өте білікті маман дегенді білдіре ме? Заңгер мен адвокаттың қандай айырмашылығы бар? Ақысын алдын ала алып қойып, кейін қызмет көрсетуден бас тартатын адвокаттар кездеседі. Олардан қалай сақтану керек? Адвокат жалдаудың құны қанша? Бүгін осы тақырып төңірегінде ой қозғаймыз.