Картаның бұғатталуы деген не?

Елде төлем карталары арқылы есеп айырысу көрсеткіші әлі де артып келеді. Соңғы дерек бойынша, қолма-қол ақшасыз төлем жасау көлемі 13 трлн теңгеден асқан. Адамдар картаға әбден үйренді. Алайда карта арқылы төлеудің аздаған тәуекелдері де бар. Мысалы, салық, айыппұлды уақытында төлемесеңіз сот орындаушысы төлем карталарын бұғаттап тастауы мүмкін. Ал сіз оны дүкенде төлем жасау кезінде бірақ білдіңіз.

Мұндай жағдайға тап болмас үшін не істеу керек? Мұны – «Білген абзал».