АЭС энергия тапшылығынан құтқара ма?

Қазақстанда атом электр стансысын салу мәселесі бірнеше жылдан бері айтылып келеді. Тиісті жобаны жүзеге асыруға бірнеше рет талпыныс жасалды. Қасым-Жомарт Тоқаев түптеп келгенде елде атом электр станциясын салу туралы шешім қабылдануы керек екенін, бірақ түпкілікті шешім қабылдау үшін елде референдум өткізу керектігін айтты. Сөйтіп 6 қазанда жалпыхалықтық референдім өтетін болды. АЭС Қазақстанды энергия тапшылығынан құтқара ала ма?