Бизнесті дамыту үшін мемлекеттен қалай ақша алуға болады?
Кәсіп ашу, құрал-жабдық сатып алу, цехты кеңейту және басқа да шығындар кез келген компанияға қаржы тұрғысынан ауыр тиеді. Кәсіпкерлердің жағдайларын жеңілдету үшін мемлекет бизнесті субсидиялау және оған кепілдік беру бағдарламаларын жүзеге асыруда. Субсидия деген не және бизнесті дамытуға арналған субсидияларды қалай алуға болады?