Шетелдік инвесторларды не қызықтырады?
Қазақстан посткеңестік елдер ішінде инвестиция тарту жағынан алғашқы орында тұр. Біріккен ұлттыр ұймының Сауда және даму конференциясы былтыр арнайы есеп жүргізіп, осындай тоқтамға келген. Біздің ел 2 жыл бұрынғы көрсеткішті биыл да жақсарта алды. Қазірдің өзінде Қазақстанға тартылған шетелдік инвестиция көлемі 9 млрд доллардан асып кетті. Сонда қалтасы қалың қаржыгерлерді біздің елде не қызықтырады?