Шетелдік банктер келсе, несие арзандай ма?
Келесі жылы Қазақстанда жаңа банктер пайда болады. Бірқатар микроқаржы ұйымы енді банкке айналады. Бұдан бөлек, шетелдік бірнеше банк өз бөлімшелерін ашуды көздеп отыр. Оларға тиісті лицензия келесі жылы берілмек. Сонымен бұл өзгеріс нарыққа серпіліс алып келе ме? Енді несие арзандай ма?