Ақылды қала. «Қоғамдық құқықтық тәртіп» жобасы

Қала үлкейіп, ондағы тұрғындар саны көбейген сайын қоғамдық тәртіпті жіті қадағалау қажеттілігі арта беретіні анық. Бүгінде Астананың күн тәртібіндегі кезек күттірмес мәселенің бірі осы. Оның үстіне келер жылы өтетін халықаралық көрме кезінде де сақтық шараларын күшейту қажет. Осы орайда қалада ТМД елдерінде теңдесі жоқ пилоттық жоба іске асырылып жатыр. «Қоғамдық құқықтық тәртіп» жобасы деп аталатын оның тиімділігі неде болмақ?