«Құштар»: елордада әртістер аутизм тақырыбын сахна тілінде сөйлетті

«Құштар». Елордадағы «Ozge Epic» креатив хабында тұсауы кесілген кезекті қойылым осылай аталады. Бұл жолы әртістер аутизм тақырыбын тұңғыш рет сахна тілінде сөйлетті. 

 

«Хакім Абай мұрасы» көрмесі өтіп жатыр

Алматыда Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай «Хакім Абай мұрасы» атты көрме ашылды. Оған ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығына қатысты жәдігер қойылды. Ділдәнің домбырасын, Абайдың бүркітінің балдағы мен тоғызқұмалағын, інісі Ысқақтың бөрігін және Абай әулеті мен туысқандары жөнінде шежірелерді, тарихи фотосуреттерді осы көрмеден тамашалауға болады.

«Япурай» гала-хор спектаклінің тұсаукесері

Елімізде алғаш рет қазақтың классикалық шығармалары мен халық әндері заманауи сипатта орындалды. Алматыда Абай атындағы Ұлттық опера және балет театрында «Япурай» гала-хор спектаклінің тұсаукесері өтті.

Қазақ ертегілері украин тілінде жарық көрді

Киевте қазақ халық ертегілерінің жинағы украин тілінде жарық көрді. Кітаптың тұсаукесер рәсімі Шевченко саябағында, алты қанатты киіз үйде өтті. Бояуы қанық көркем суреттермен безендірілген ертегі кітабы 256 беттен тұрады.