Тарихи Шымкент

Шырайлы Шымкент өз мәнерінде. Алтын күздің дәл ортасында 30 градустық жаз, дәмі тіл үйіретін тағамдар, жүзінен нұр төгілген адамдар мен коммуникацияның күшін айқын көрсететін ең жарқын алаң – пресс-тур-2025.
Келесі шығарылымдарда бұл шырайлы қаланы түрлі қырынан танисыздар. Ал бүгін хронологияны бұзбай, әдеттегі дәстүрді сақтайық деп шештік. Сондықтан өткенге сапар шегеміз: уақыт тілін кері бұрып, қарахандықтар дәуіріне аттанамыз.