Астанада Елбасы Жолдауы талқыға салынды

Парламент депутаттары Астанадағы медициналық холдинг қызметкерлерімен кездесіп, Елбасы Жолдауын талқыға салды.

Басқосуда билік тармақтары арасындағы өкілеттіліктердің бөлінуі, конституциялық реформалардың жобасы мен «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы жайында айтылды. Халық қалаулылары «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауының басты тетіктеріне түсініктеме беріп, ақхалатты абзал жандардың көкейіндегі сауалдарға жауап берді. Жиналған қауым құжатта көрсетілген «Нұрлы жер» бағдарламасының қалай жүзеге асатынына ерекше қызығушылық танытты.

Татьяна Яковлева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- «Нұрлы жер» бағдарламасында баспанамен қамтудың бірқатар жолы қарастырылған. Сатып алу және тұрғын үйді жалға алу сынды тәсілдер бар. Әрине, мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен жетім балаларға басымдық беріледі. Сондай-ақ, «Тұрғын үй құрылыс жинақ» банкінің салымшыларына да үй бөлінеді.