Арқанның кербез сұлу Көкшетауы | Дархан дала
Көктемгі мерекелерге туристердің көпшілігі еліміздің оңтүстік бағыттарын таңдайтыны белгелі. Өйткені ол жақта ауа-райы жылы әрі табиғаттың оянуы мен көктемгі күн мен түннің теңелуін сезіне аласыз. Бірақ біз қалыптасқан қағидаларды жойып, солтүстікке де көктем келетінін көрсетуді шештік.