Қонақжай қала - Шымкент | Дархан дала
Шымкентке елдің кез келген нүктесінен әртүрлі жолдармен жетуге болады. Мұнда пойыздар да, автобустар жүреді және ұшақтар ұшады. Елордадан аспан жолы бір жарым сағатты алады, ұшаққа билет құны орта есеппен 20-25 мың теңге көлемінде.
Шым шахарға келе сала бірден 2018 жылы ашылған Арбатқа қарай тарттық, қала орталығында орналасқан демалыс аймағының ұзындығы 430 метр. Мұнда әрдайым халықтың қарасы көп, көше музыканттары ойнап жастар би билейді.