Кенді Алтайдың жүрегі – Риддер қаласы
Риддер қаласы елдің солтүстік-шығысында теңіз деңгейінен 811 метр биіктікте орналасқан. Аумақтық жағынан Шығыс Қазақстан облысына жатады. 1786 жылы Риддер ауылы ретінде құрылды және кен орындарын ашқан тау-кен инженері Филипп Риддердің құрметіне аталған. Риддер қаласының тарихы XVII ғасырдың аяғында ашылған полиметалл кендерінің кен орындарын пайдаланумен байланысты. Қала өзінің өндірістік кәсіпорындарымен ғана емес, көркем табиғатымен де танымал. Әдемі жерде орналасқан шаһар таулар мен ормандармен қоршалған. Бұл оны белсенді демалысты ұнататындар арасында ерекше тартымды етеді.