Бурабайдың тылсымы – Кенесары үңгірі

2024 жылдың басынан бері Бурабайға 578 мыңнан астам адам келді. Бұл өткен жылдың осы  кезеңінен 15%-ға артық. Келушілердің басым бөлігі жаз айларында келеді. Жаздың аяғына және жиі жауған жаңбырға қарамастан, курортқа деген қызығушылық түскен жоқ. Туристер Қазақстанның түкпір-түкпірінен, тіпті шетелден келеді. Мен сіздерге сүйікті курорттағы туризм жайында бұған дейін айттым, көрсеттім. Ал бұл жолы Ақмола туристік орталығы ұйымдастырған ақпараттық тур аясында Бурабайды зерттейтін боламыз.