Ұлт ұясы – Ұлытау

Ұлытау атам заманынан бері көшпелі халықтардың назарын аударған. Дәл осы жерде Шыңғыс ханның үлкен ұлы, қазақ билеушілерінің көпшілігінің арғы атасы Жошы ұлысы болды. Дәл осы жерде аты әлемге әйгілі Ақсақ Темір есімімен байланысты тарихи оқиғалардың дәлелдері қалды. Ұлытауда қазақ халқының аңызға айналған арғы атасы Алаш ханның зираты орналасқан. Қола дәуірі, ерте көшпенділер дәуірі, орта ғасырлар, жаңа уақыт – тарихтың барлық кезеңдері бұл аймақта ұсынылған.