Шиелі ауданына қарасты Байсын ауылында мектеп мәселесі шешілді

Бұл - Шиелі ауданынан қарасты Байсын ауылы. 150-ден астам шаңырақ түтін түтетіп отыр. Ауылдағы жалғыз мәселе мектеп тұғын. Балалар не асханасы, не спорт залы жоқ білім ұясында оқуға мәжбүр болды. Алайда екі ай бұрын бұл мәселе шешілген.