Орманды қалай қалпына келтіреміз? | Экосана

Қостанайдағы алапат орман өрті табиғатқа орны толмас зиян келтірді. 43 мың гектар алқап отқа оранды. Қарағайы жайқалған орманның жартысы көз алдымызда күлге айналды. Енді оны қалпына келтіру үшін кемі 50 жыл қажет. Елдегі орманды алқаптардың көлемі 5 % -ке де жетпейді. Енді жасыл-желекке көмкерілген  аумақ бұдан да азая түсті. Амал нешік?! Өткенді кері қайтара алмаймыз, бірақ өртенген орманды қалпына келтіру қолдан келер іс. Бірақ бұл бірер күннің шаруасы емес. Кезең-кезеңімен іске асатын ауқымды жұмыс. Ол үшін арнайы жоба түзу қажет. Қаражат бөліну керек. Мамандарды тиісті жабдықтармен қамту да маңызды. Өйткені техниканың тең жартысының тозығы жеткен. Ал, орманшылардың айлығы шайлығына жетпейді. Бүгінгі «Экосана» бағдарламасында осы мәселелерді қаузаймыз.

Орманды қалпына келтіру жұмыстарын жіктеп-жіліктеп айтамыз.

 

«Экосана» бағдарламасының өзге шығарылымдарын мына сілтеме арқылы кіріп көре аласыздар.