«Атырау-Орал» тасжолын су басты
Атырау облысы Махамбет ауданына қарасты Жалғансай ауылының тұсында республикалық Атырау-Орал тасжолын су басты, деп хабарлайды 24KZ.
Көлік қозғалысы толық тоқтатылған. Махамбет ауылы мен Орал қаласына жолаушылар облыстық маңызы бар «Атырау-Индер» тасжолы мен «Ортақшыл-Махамбет» көпірі арқылы қатынай алады. Қазір республикалық маңызы бар жолдағы қауіпті аймақта суды бөгеу жұмыстары жүріп жатыр. «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының қызметкерлері тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырған.