Алматының алма бақтары құрдымға кетіп барады | Экосана

Алматыны апортсыз елестету әсте мүмкін емес. Қаланың символына айналған алма ағаштары бүгінде сиреп кетті. Өйткені тау бөктеріндегі бақтар шабылып, құрылыс алаңына айналды. Егер жасыл желектерді аяусыз кесе берсек, оның арты орны толмас экологиялық апатқа әкеліп соғуы мүмкін. Түйіткілдің түйіні тарқамай тұр. Десе де, қордаланған мәселені бүгінгі бағдарламада қаузап, табиғат жанашырларының жан айқайын жеткізуге тырыстық.