Каспий итбалығының популяциясын көбейту не үшін қажет?

Жаһандық климат өзгерісі жер бетіндегі барлық тіршілік иесіне зардабын тигізіп жатыр. Басқаны былай қойғанда, ішетін суымызға дейін әбден бүлінді. Шағын өзен тоғандарды айтпағанда алып мұхиттар мен теңіздер де ластанып жатыр. Оның салдарынан су астындағы балық қоры азайып келеді. Әсіресе қызыл кітапқа енген су жануарларының жойылып кету қаупі төніп тұр. Соның бірі каспий итбалығы. 2000-шы жылдары саны 1 млн-ға жуық еді. Ал бүгінде небәрі 300 мыңға да жетпейді.