Бектенов Ердоғанға Тоқаевтың сәлемі мен ізгі тілектерін жеткізді
Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған Премьер-министр Олжас Бектеновты қабылдады.
Кездесу үкімет басшысының Анкараға жұмыс сапары аясында болды. Олжас Бектенов Түркия Президентіне Қазақ басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ыстық сәлемі мен ізгі тілектерін жеткізді. Екі мемлекет басшылары деңгейінде стратегиялық өзара іс-қимылды дамыту бойынша уағдаластықтарға тоқталды. Бұл келісімдер сауда, инвестиция, энергетика, көлік-логистика, ауыл шаруашылығы және мәдени-гуманитарлық салаларда белсенді іске асырылатынын атап өтті.