Бірнеше несиені бір өтінішпен реттеу
Бірнеше несиені енді бір тәртіппен реттеуге болады. Қазақстанда банктер мен микроқаржы ұйымдарына қарызы бар азаматтарға арналған Бірыңғай цифрлық платформа іске қосылды. Жүйе биыл 1 шілдеден бастап жұмыс істейді. Оның басты ерекшелігі – бір мезгілде бірнеше кредитор алдындағы берешекті реттеуге мүмкіндік береді.