Өңделген агроөнім өндірушілер көбейеді

Қазақстандық агроөнім түрлеріне шетелден сұраныс толастаған емес. Ет пен сүт те, астық пен өсімдік майы да көрші елдермен қатар, Еуропа, Шығыс Азия, Таяу Шығыс, тіпті өзге құрлықтағы мемлекеттерге де экспортталады. Өйткені сапасы жоғары. Кейінгі жылдары отандық кәсіпорындар өңделген өнім үлесін арттырып жатыр. Оған мемлекет тарапынан қаржылай қолдау көрсетіледі. Атап айтқанда, жеңілдетілген несие, инвестициялық субсидия және салықтық жеңілдіктер қарастырылған.

Сондай-ақ оқыңыз: