Алматыдағы цифрландыру: жасанды интеллект пен жаңа жобалар | Елге қызмет
Жыл басында Президент цифрландыру мен жасанды интеллектті дамытуға ерекше назар аударуды тапсырған еді. Осы бағытта Алматы қаласы бірқатар ірі жобаларды қолға алып, IT және стартап экожүйесін дамытуға кірісті. Қалада интернет қолжетімділігін арттыру, цифрлық медицина мен мемлекеттік қызметтерді жеңілдету, сондай-ақ қауіпсіздікті қамтамасыз ететін «Ақылды қала» жүйелері іске асырылуда. Бүгінгі бағдарламада Алматының цифрландырудағы жаңа бастамалары мен жасанды интеллектті қолдану тәжірибесі туралы сөз қозғаймыз.