Абай облысында тарихи нысандар толық жөндеуден өтеді

2025 жылы Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы халықаралық деңгейде аталып өтті. Абай облысындағы Қарауыл төбенің баурайына 180 киіз үй тігіліп, ауқымды мәдени-көпшілік іс-шаралар ұйымдастырылды. Жалпы соңғы жылдары өңірде халықаралық және республикалық деңгейдегі ірі шараларды өткізу қарқынды дамып келеді.