Астана агломерациясының жаңа даму нүктелері
Елордаға іргелес орналасқан елді мекендер бүгінде қала маңындағы аумақ қана емес, экономикалық және әлеуметтік дамудың жаңа нүктесіне айналып келеді. Соның бірі – Целиноград ауданындағы Талапкер мен Нұресіл ауылдары. Мұнда халық саны артып, жаңа тұрғын үй массивтері бой көтеріп, мектептер мен әлеуметтік нысандар ашылуда. Кәсіпкерлік пен ауыл шаруашылығы да қатар дамып келеді. Ал инженерлік инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары ауылдардың болашағына тың серпін беруде. Талапкерде технопарк пен индустриялық аймақ құру жоспарланса, Нұресілде заманауи білім беру мен өндіріс жобалары жүзеге асырылып жатыр.